Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2013 жылдың шілдесінде 2012 жылдың шілдесімен салыстырғанда баға ұнға 16,1 пайызға, макарон өнімдеріне - 11,4, жемістер мен көкөністерге - 11,2, тоқаштар мен ұн өнімдеріне 4,8 пайызға артқан. Сонымен қатар, осы аралықта балық пен теңіз өнімдері 4,5 пайызға кофе,шай мен какао - 4,4, өсімдік майы және майлар - 4,2, алкоголь ішімдіктері - 4, сүт өнімдері - 3,9, кондитер өнімдері - 3,4, нан 1,8 пайызға қымбаттаған. Сонымен бір мезгілде бағаның төмендеуі жармаға 8,2 пайызға, қантқа 5,2 пайызға тіркелген.
Бұдан бөлек, ет пен ет өнімдерінің бағасы есепті кезеңде 3 пайызға артқан. Бұл ретте шұжық өнімдеріне баға 4,2 пайызға, қой етіне - 4, жылқы етіне - 3,7, шошқа етіне - 2,8, құс етіне - 2,4, сиыр етіне 2,3 пайызға өсті.