Шілде айында азық-түлік тауарларының жекелеген түрлеріне баға төмендеді - Статистика агенттігі
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Атап айтқанда, аталмыш кезеңде жармалар 32,4 пайыз, қант - 20,4 пайыз, жемістер мен көкөністер - 13,4 пайыз, ұн - 10,4 пайыз, май және тоң май - 4,1 пайызға арзандады. Ал 2011 жылғы шілдеде оларға бағаның маңызды өсуі белгіленген болатын.Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілдеде бағаның өсімі 2011 жылғы шілдеге қарсы нанға 1,1 пайыз, алкогольді ішімдектерге - 4,3 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 4,8 пайыз, кофе, шай және какаоға - 5,2 пайыз, сүт өнімдеріне - 5,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 5,8 пайызға төмендеген.
Дегенмен, ет бағасының өсуі бірнеше жоғары қалыптасты, атап айтқанда: сиыр еті 23,7 пайызға, жылқы еті - 20,5 пайызға, қой еті - 20,4 пайызға, шошқа еті - 17,8 пайызға, шұжықтар, еттен жасалған өнімдері - 9,4 пайызға қымбаттады.
Жалпы атап өтілген кезеңде азық-түлік тауарларына баға 3,4 пайызға өсті.