Шілде айында ел кәсіпорындары мен ұйымдарына 69,8 мың адам жұмысқа қабылданған
11:24, 11 Тамыз 2010
АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес, еліміздегі ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға ағымдағы жылғы шілдеде 69,8 мың адам жұмысқа қабылданды,
түрлі себептермен - 66,2 мың адам жұмыстан босаған.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша босатылғандар - 81,1 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 3,8 пайызды, басқа себептер бойынша босағандар 15,1 пайызды құрайды.
Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы шілде айында жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті - 2,3 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,2 пайызды, кадр тұрақсыздығы 1,8 пайызды құраған. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілдеде жұмыстан босатылған қызметкерлер санынан 105,4 пайызы қайта қабылданған кадрлармен толықтырылды.