Шілде айында инфляция 0,5 пайызды құрады - статистика

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы шілдеде экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«2011 жылғы шілдеде инфляция 0,5 пайызды құрады. Баға құрылыста бір ай ішінде 0,3, көтерме саудада 0,5 пайызға жоғарылады, ал өнеркәсіпте 0,9, ауыл шаруашылығында 0,2 пайызға төмендеді. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қазметтеріне 0,1 пайызға кеміді, ал пошталық және курьерлік қызметтер өзгеріссіз қалды», делінген хабарламада.