Шілде айында кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысқа 76,8 мың адам қабылданып, түрлі себептермен 75 мың адам жұмыстан кетті

АСТАНА.  13 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2012 жылғы шілдеде 76,8 мың адам қабылданды. Сондай-ақ түрлі себептермен 75,0 мың адам жұмыстан кетті.

Бұдан бөлек, агенттік мәліметтеріне қарағанда, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 83,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты -1,2 пайыз, басқа себептер бойынша - 15,1 пайызды құрады.

2012 жылғы шілде айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4 пайыз, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,4 пайыз, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2,1 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 102,4 пайызды құрады.