ҚР Статистика агенттігі ұсынған мәліметтерге сәйкес,өткен шілде айында азық-түлік емес тауарлар 0,3 пайызға, ақылы қызмет көрсетулер - 0,2 пайызға қымбаттады. Азық-түлік тауарларына баға индексі 100 пайызды құрады.
Шілдеде баға жаңа сауылған сүтке 2 пайызға, жұмыртқаға - 5 пайызға, көкөністер мен жемістерге - 1,2, күрішке - 0,5 және қантқа - 0,3 пайызға төмен болғаны белгіленді. Ал бағаның керісінше арта түскені құс етіне 1,9 пайызға, шайға - 1 пайызға, қарақұмық жармасына - 0,9, мал майына - 0,5 және нанға - 0,3 пайызға байқалды.
Бағаның өсімі жеке гигиена тауарларына, жуу және тазалау құралдарына 0,3 пайызды, медициналық дәрі-дәрмектер мен құрылыс материалдарына - 0,4 пайызды және темекі өнімдеріне - 0,6 пайызды құрады. Сондай-ақ аталмыш кезеңде бензиннің бағасы 0,5 пайызға қымбаттады.
Тұрғын үй -коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер ыстық суға 0,5, тарату желісі бойынша тасымалданатын газға - 1,3 және қоқыс шығаруға - 1,6 пайысға өсті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау қызметтері - 0,7, мейрамханалар мен қонақүйлер - 0,8, жолаушылар тасымалдаушы теміржол көліктерінің қызметі - 4,7 пайызға қымбаттады, ал байланыс қызметтері 4,4 пайызға арзандады