Статистикалық мәліметтерге қарағанда, күнкөріс деңгейінің құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,6 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,2 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 12,2 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 8 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2 пайызды құраған.
Сонымен қатар, күнкөріс деңгейінің құрылымындағы азық-түлік тауарларының үлесі 11 мың 521 теңгені, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер үлесі 7 мың 681 теңгені құраған.