Шілде айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені құрады - статистика

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы шілде айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 16 610 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 1,4%-ға азайды, ал 2010 жылғы шілдеге қарағанда 20,9%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,9%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқа, жемістер мен көкөністерде - 14,8%-дан, нан және жарма өнімдерінде - 7,8%, қант, шай және дәмдеуіштерде - 2,7 пайызды құрады.