деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, 2009 жылғы шілде айында (бағалау бойынша) республика экономикасында 8,1 миллион адам жұмыс істеді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 219,2 мың адамға немесе 2,8 пайызға көп. Аталған уақытта жалдамалы жұмыскерлердің саны 5,4 миллион адамды (жалпы жұмыспен қамтылғандардың 66,2 пайызы) құрады.
Ағымдағы жылғы шілде айында елдегі жұмыссыздар саны 565,4 мың адамды (2009 жылғы маусымда - 559 мың 200, мамырда - 625 мың 500) құрап, жұмыссыздық деңгейі - 6,5 пайыз болды. Аталмыш айдың соңына дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарына оның тек 98,9 мыңы ғана ресми тіркелген. Жұмыссыз ретінде тіркелгендер экономикалық белсенді халықтың 1,2 пайызын құрап отыр. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,4 пайызға көп.