Атап айтқанда, өткен айда еліміздегі көркейтілген тұрғын үйді жалға беру бағасы 1,2 пайызға, осы санаттағы баспананы алып сату 0,8 пайызға, жаңа үйлерді сату 0,1 пайызға қымбаттаған.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаңа баспананың бағасы шаршы метріне республика бойынша 180 751 теңгені құраған. Ал көркейтілген баспананы алып сатудың шаршы метрі 141 мың 718 теңгені, одан төменгі санаттағы тұрғын үйдің шаршы метрі 83 мың 281 теңгені құрап отыр.