Атап айтқанда, шілдеде өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,7 пайыз, ал одан төмен санаттағы үйлердің бағасы 0,6 пайызға өсті. Ал жаңа тұрғын үйлерді сату және көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағасы өзгеріссіз қалды. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, шілде айында жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы шаршы метріне орташа алғанда 214 мың 433 теңге. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді сатудың орташа бағасы - 170 мың 098 теңге. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 0,7 пайызға, былтырғы жылдың шілдесіне қарағанда 20 пайызға жоғары.
17:22, 07 Тамыз 2014
Шілде айында тұрғын үй нарығындағы баға өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2014 жылғы шілдеде тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі байқалды.