Шілде айында Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 4,4 пайызға ұлғайды - Ұлтық банк төрағасы
14:14, 11 Тамыз 2010
АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Шілде айында Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 27,2 миллиард АҚШ долларына дейін, яғни 4,4 пайызға ұлғайды.
Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлтық банкінің төрағасы Григорий Марченконың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету жөніндегі операциялар, банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі валютаның Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына түсуімен ішінара бейтараптандырылған. Нәтижесінде, таза валюта қорлары (ЕАВ) 2010 жылғы шілдеде 5,1 пайызға өсіп, алтындағы активтер 1,6 пайызға азайған. Шілдеде жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (27,0 миллиард АҚШ доллары) қоса алғанда 3,1 пайызға өсіп, 54,8 миллиард АҚШ долларын құраған.