Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Атап айтқанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда 1,2 пайызға төмендеген. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2,2 пайызға өсіп отыр.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 23 пайызды, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу 15,3 пайыз, жемістер мен көкөністер - 12,1 пайыз, нан және жарма өнімдерін сатып алу 7,4 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу 2,2 пайызды құрады.