«Қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылған максималды мөлшерлемелер Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан өзеріссіз қалды. Еске саламыз, олардың деңгейі осы базалық мөлшерлемеге тікелей тәуелді.
24 айға арналған ұзақ мерзімді жинақ және мерзімді салымдар бойынша максималды мөлшерлемелер де бұрынғы деңгейінде қалды», делінген хабарламада.
Қордың мәлімдеуінше, бұған депозит нарығының осы сегментінде белсенділіктің төмендігі себеп болған. Бұл ретте теңгелік депозиттердің ішінде ең табыстысы – 14 пайыз 12 айға арналған, толықтырып отыруға болмайтын жинақ салымдары.