Шілдеде ауа райы қандай болады - «Қазгидромет» болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың шілде айындағы консультативтік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын тартқан мәліметтерге қарағанда, шілде айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп болжам жасалып отыр.

Шілдеде Қазақстан аумағында күн ыстық ал жауын-шашын аз болады. Тек кейбір күндері циклондардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күші секундына 15-25 метрге жетеді.

Республиканың батысында шілде айының бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Түнде термометр бағаналары 19 28°С-тан 12 23°С-қа дейін, күндіз 30 38°С, оңтүстік-батыста 41°С-тан 24 32°С-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы: түнде 15 25°С, күндіз 33 38°С, кей жерлерде 41°С; еліміздің оңтүстік жартысында - түнде 20 30°С, күндіз 37 45°С, таулы аудандарда 30°С, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасының 10-15°С төмендеуі болжанады.

Аптап ыстық елдің да шығысына жетеді. Ауа температурасы түнде 12 20°С-тан 20 28°С-қа дейін, күндіз 27 35°С-тан 33 41°С-қа дейін жоғарылайды, онкүндіктің соңында ауа температураның 7-10°С-қа төмендеуі болжанады.

Бірінші онкүндікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады, желдің күшейеді (дауыл, шаңды дауыл) айдың басында еліміздің батысында және солтүстік-батысында, 5-7 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, онкүндіктің аяғында оңтүстік және шығыс бөліктерінде болуы мүмкін.

Шілде айының екінші онкүндігінің басында алдымен ҚР батысы мен солтүстік-батысында ауа температурасы жоғарылайды, содан кейін онкүндіктің ортасынан республиканың барлық аумағында температуралық фонның тағы жоғарылауы болжанады.

Батыста және солтүстік-батыста: түнде 22 30°С-қа дейін, күндіз 33 43°С-қа дейін;

Солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде 15 23°С-қа дейін, күндіз 28 39°С-қа дейін;

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде 18 27°С-қа дейін, күндіз 35 43°С-қа дейін;

Үшінші онкүндікте еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасының түнде 10 17°С-тан 17 25°С-қа дейін, күндіз 22 33°С-тан 30 38°С-қа дейін, солтүстік жартысында түнде 5 13°С-тан 13 20°С-қа дейін, күндіз 18 26°С-тан 26 33°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.