Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2014 жылғы шілдеде 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 17,6 пайыз, сүт өнімдеріне - 10,5 пайыз, ұнға - 9,6 пайыз, балық және теңіз өнімдеріне - 8,8 пайыз, кофе, шай және какаоға - 8,7 пайыз өскен. Сонымен қатар, баға алкогольді ішімдіктерге - 8,1 пайызға, тоқаш және ұн өнімдеріне - 7,9 пайызға, макарон өнімдеріне - 7,8 пайызға, жемістер мен көкөністерге, кондитерлік өнімдерге - 6,4 пайызға, нанға - 5,7 пайызға, май және тоң майға - 1 пайызға көтерілді. Сонымен бір мезгілде, жармаларға 3,7 пайызға бағаның төмендеуі байқалды.
Бұдан бөлек, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3 пайызды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 9 пайыз, құс етіне - 3,8 пайыз, жылқы, шошқа етіне - 3,7 пайыздан, сиыр етіне - 0,6 пайызға, қой етіне - 0,3 пайызға жоғары болды.