Шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 12,8 пайызға өсті

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 12,8%-ға өсті,

деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

2011 жылғы шілдеде 2010 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 2,2 есе, ұнға - 23,4%, май және тоң майға - 23,2%, қантқа - 19,6%, жемістер мен көкөністерге - 13,7%, сүт өнімдеріне - 11,4%, макарон өнімдеріне - 10,2%, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 9,2%, кофе, шай және какаоға - 8,4%, кондитерлік өнімдерге - 8%, нанға және алкогольді ішімдіктерге - 4,7%-дан, жұмыртқаға 2,4%-ға өсті.

Аталған кезеңде ет (ет өнімдерін қоса) бағасының өсімі 16,3% құрады. Қой етіне баға деңгейі 21,2%, жылқы етіне - 12,1%, шұжық өнімдеріне - 9,9%, құс етіне - 8,5%, шошқа етіне 5,9%-ға жоғарылады.