Атап айтқанда, ағымдағы жылғы шілдеде маусыммен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 1,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде - 0,8 пайызға жоғарылап, өндірілген өнім - 1,5 пайыз, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,9 пайызға қымбаттаған.
«Бұдан бөлек, өткен айда бағаның бензин 5 пайызға, мұнай- 2,1 пайыз, газ конденсаты - 1,8 пайыз, сұйытылған пропан мен бутан - 0,7 пайыз, мазут және көмір 0,6 пайыздан жоғарылауы, сонымен қатар, металл кендері 0,4 пайызға төмендеуі тіркелген.
«Баға қара металдар илегі 2,7 пайыз, асыл металдар - 1,6 пайыз, өңделмеген алюминий - 0,8 пайыз, ферроқорытпалар - 0,4 пайызға жоғарылап, мырыш - 11,7 пайызға, қорғасын 3,8 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, бағаның құс етіне 12,8 пайыз, бидай ұнына - 1,7 пайыз, қара бидай ұнына - 1 пайыз, өсімдік майы мен нанға - 1,3 пайыздан, сүт өнімдеріне - 0,7 пайызға жоғарылауы, маргаринге - 3,3 пайыз, балыққа - 0,8 пайыз, макарон өнімдеріне 0,6 пайызға төмендеуі байқалды», - делінген баспасөз хабарламасында.