Шілдеде инфляция жылдық мәнде 14% төмендеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шілдеде инфляция жылдық мәнде 14 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы инфляция шілде айында жылдық мәнде 14,0 пайызға төмендеді. Азық-түлік инфляциясы ақпан айындағы ең жоғарғы 26,2 пайыздан 13,5 пайызға дейін жылдық мәнде екі еседей баяулады.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция мен сервистік инфляция 15,0 пайызға және 13,6 пайызға бәсеңдеді.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі – жылдық 16,75 пайыз.

Кезекті шешім осы жылдың 25 тамызында қабылданады», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.