«Есепті кезеңде әкімшілік полиция органдары тіркеуге 735 539 автокөлікті қойды. Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 14,7 пайызға артық. Оның ішінде 691 084-і екінші рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатқызылды. Өсім 2017 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға жетті. Ал алғаш рет тіркелген көлік құралдарының саны 44 455-ті құрады. Ол былтырға қарағанда, 30 пайызға жоғары болды», - деп атап көрсетілген таратылған мәліметте.
Айта кетейік, биылғы шілдеде тіркеуге қойылған көліктер саны 113 мыңнан асты. Сонымен қатар, шілде айының нәтижесі бойынша Қазақстан аумағында жалғыз электромобиль тіркелді. Яғни, Tesla Model 3 моделі Астана қаласының тұрғынына тиесілі болды.
«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» хабарлауынша, биылдың басынан бері қайта тіркелген көліктердің үштен екісін (69,2 пайызы) пайдалану мерзімі 10 жылдан асқан көліктер қамтыған. Оның ішінде 20 жылдан асқандардың үлесі 273 482 көлік (39,6 пайыз) болса, 11-ден 20 жылға дейінгілер 29,6 (204 674 көлік) пайызды құрады.
Ал 4-тен 7 жылға дейін - 140 801 (20,4 пайыз), 8-ден 10 жылға дейін - 38 257 (5,5 пайыз), 1-ден 3 жылға дейінгі көліктер саны 31 169-ға жетті. Сонымен қатар пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі 2 701 болды.
Келісімшарт рәсімдеріне қарағанда, отандық автопарктің ескіруінің тұрақты үрдісі байқалуда. Осы орайда нарықта 20 жылдан асқан көлікті қайта сату көрсеткіші 35,9 пайыздан (2017 жылғы қаңтар-шілде) есепті кезеңде 39,6 пайызға дейін өскен. Ал пайдалану мерзімі 1-3 жыл аралығындағы автокөліктер 8,2 пайыздан 4,5 пайызға дейін қысқарды.