Шілдеде Қазақстандағы ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер шілде айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шілде айында синоптикалық жағдай жиі өзгереді: батыс антициклондары келіп, оңтүстік циклондары кетеді.

Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады. Жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауын жауады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз 17 26ºС-қа дейін төмендеуі мүмкін. Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы 25 33ºС-қа дейін төмендеп, нөсер жаңбыр жауады. Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

Екінші және үшінші онкүндікте сынап бағанасы солтүстік, орталық пен шығыста түнде 10 15ºС-тан 15 20ºС-қа дейін, күндіз 25 30ºС-тан 30 38-қа дейін құбылады.

Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде 15 20ºС-тан 20 30ºС-қа дейін, күндіз 30 38ºС-тан 35 45ºС-қа дейін ауытқиды.