Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігі жариялап отыр.
Ағымдағы жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіптегі баға 0,1 пайызға төмендеп, ал олардың жоғарлауы электр энергиясын, газ бен суды өндіруде және бөлуде - 0,2 пайызға жоғарылауы тіркелді, сонымен қатар кен өндіру өнеркәсібіндегі баға бұрынғы деңгейінде сақталды.
Ай ішінде бағаның пеш отынына - 8,4, мұнайға - 0,8, табиғи газға - 0,6 пайызға жоғарылауы, керосинге - 12,2, газ конденсатына - 3,6, бензинге - 2,1, отындық мазутқа - 0,2 пайызға төмендеуі байқалды.
Сонымен қатар бір айда баға қымбат металдарға - 2,5, қорғасын, мырыш және ферроқырытпаларға - 0,3 пайыз жоғарылап, өңделмеген алюминий мен мысқа - 5,2, қара металдарды прокаттауға - 0,7 пайыз төмендеді.