Шілдеде республиканың ірi және орта кәсiпорындарына және ұйымдарға 73,8 мың адам қабылданды

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы шілдеде республиканың ірi және орта кәсiпорындарына және ұйымдарға 73,8 мың адам қабылданды, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.

«Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы шілдеде 73,8 мың адам қабылданды, түрлі себептермен 70,8 мың адам жұмыстан босады. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 79,3, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты босағандар 4,2, басқа себептер бойынша кеткендер 16,5 пайызды құрайды», - делінген хабарламада.