Шілдеде тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - 2011 жылғы шілдеде тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды, деп хабарлады ҚР Статистка агенттігінен.

«2011 жылғы шілдеде өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді алып-сату бағасы 1, көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып-сату - 0,9, жаңа тұрғын үйлерді сату - 0,5, көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру 0,1 пайызға жоғарылады», - делінген хабарламада.