Бұл ақпаратты ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына сәйкес 2012 жылғы шілде айынан бастап Қазақстанда үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптар бекітілетін болады. Талаптар тарихи-мәдени мұра объектілеріне жатқызылған үйлер, құрылыстар, ғимараттарға, қызмет мерзімі екі жылдан аспайтын шаруашылық мақсаттағы уақытша құрылыстарға, қосалқы үй-жайларға, жеке тұрғын үйлерге, сондай-ақ саяжай және бау-бақша учаскелерінде орналасқан құрылыстарға, жалпы алаңы елу шаршы метрден аз бөлек тұрған үйлерге, құрылыстарға, ғимараттарға, ғибадат ету үйлері, құрылыстары және ғимараттарына, бөлек тұрған жылытылмайтын үйлер, құрылыстар, ғимараттарға қолданылмайды»,- делінген хабарламада.