деп хабарлайды Астана қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Осыған байланысты уақытша осы даңғылдың Сарыарқа даңғылынан республика даңғылына дейінгі учаскесінде жолаушылар бағыттары қозғалысының кестесі өзгертіледі.
№ 2, 106, 109, 116, 119 және 120 жолбағыттар Жеңіс даңғылы-Жангелдин көшесі-Республика даңғылы-Бөгембай батыр даңғылы бойынша, одан әрі бұрынғы кестемен.
№ 4, 16, 20, 36, 45 және 59 жолбағыттар Бөгембай батыр даңғылы бойынша өзгеріссіз, жолаушылар келесі көшелерден түсіріліп-мінгізіледі.
№ 8, 34 және 57 жолбағыттары Жеңіс даңғылы - Жангелдин көшесі бойымен, одан әрі бұрынғы кестемен.
№ 19, 27 және 122 жолбағыттар Бейбітшілік көшесі-Дүкенұлы (Дружба) көшесі-Республика даңғылы бойынша, одан әрі бұрынғы кестемен.
№ 117 жолбағыт - Республика даңғылы - Сейфулллин көшесі- Жеңіс даңғылы бойымен, одан әрі бұрынғы кестемен.
Шектелген учаскелерде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.