«Келесі аптада Астанада үштұғырлы тіл мәселесі бойынша кеңес өткіземін. Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед тілдерді дамыту бағдарламасының жобасын таныстырады», - деді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіндегі кеңесте сөйлеген сөзінде.
«Әрбір қазақстандық қазақ тілін еркін меңгеруі тиіс. Мәселе - ол қашан болады? Біз бұл сұраққа айқын да жіті жауап табуымыз қажет», - деп атап көрсетті К.Мәсімов.