Шілденің соңында Алматыда күн 40 градусқа дейін ысиды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шілде айының соңында ауа температурасы 40 градустан жоғары болады, деп хабарлайды ҚазАқарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазгидрометтің мәліметінше, шілде айындағы орташа ауа температурасы 25 градусқа жетуі ықтимал. Бұл қалыпты температурадан (24°С жылу) 1 градусқа жоғары.

Солтүстік-батыстан ауысқан ағындармен байланысты, қысқамерзімді жаңбырлар жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғуы мүмкін.

Сондай-ақ, қаладағы ауа температурасы 35 градустан 45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.