Шымбұлақ аспажолында адамдар қалып қойды — ТЖД-ның арнайы операциясы

Фото: Алматы ТЖД

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында аспалы жолында кабиналарда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша бірегей операция жүргізді.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу сәтті өтті. Сценарий бойынша демалушылар электр қуатының үзілуіне байланысты, аспалы жолда қалып қойды.12 метр биіктікте тұрып қалған кабинада төрт адам болған. Туристерді үсік шалып, олар өз бетінше әрекет жасай алмады.

Фото: Алматы қаласы ТЖД

«Үш бөлімшенің құтқарушыларына бір сағаттың ішінде бірден үш кабинанының ішінен эвакуациялауды жүргізу сияқты қиын тапсырма берілді. Содан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету арқылы оларды қауіпсіз тасымалдау», — деп атап өтті ТЖД.

Фото: ДЧС Алматы

Құтқарушылар қойылған тапсырманы 30 минутта орындап шықты. ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы, әкімшіліктің 109 «Құтқару қызметі» МКҚК, «Шымбұлақ» ТШК шаңғы патрулі — үш бөлімшенің штатында көптеген адам өмірін құтқарған тәжірибелі альпинист-құтқарушылар қызмет етеді.

Фото: Алматы қаласы ТЖД

 

Айта кетейік, қаланың 8 ауданында 3 оқу орнында қысқы кезеңінде дер кезінде Төтенше жағдайға ден қоюға арналған практикалық іс-шара пысықталды.

Қыс-2024 тәжірибелік жаттығуларға 262 адам және 77 бірлік техника жұмылдырылды.