Қысқы маусымның аяқталуына байланысты «Шымбұлақ» ТК ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және жазғы маусымның ашылуына дайындалу үшін аспалы жолдарды уақытша жауып жатыр.
13 мамыр мен 2 маусым аралығында «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы жабық болады.
Ал 13 мамыр мен 31 мамыр аралығында «Комби-1» және «Комби-2» аспалы жолдары да жабылады.
Бұл ретте ККД-4 аспалы жолы әдеттегідей жұмыс істейді.
«Сондай-ақ 19-24 мамыр аралығында Медеу-Шымбұлақ жартылай жолының жүк-тартқыш арқанын қысқарту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл құрылыс жұмыстарына байланысты қозғалысқа шектеу қоюы мүмкін» дейді әкімдіктен.
Шымбұлақ шыңына студенттер жолымен шығуға болады.
Алдын алу жұмыстары алдағы жазғы маусымда аспалы жолдардың қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жұмыс кестесіндегі өзгерістер мен аспалы жолдардың жұмысын қалпына келтіру күні қосымша хабарланады.