Шымбұлақ шыңына шығып, науқастанып қалған туриске құтқарушылар көмекке келді

Фото: ТЖМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Кеше, 9 мамырда төрт адамнан тұратын бір топ турист Шымбұлақ шыңына (3450 шақырым) көтерілген. Биікке шыққан соң қыздың халі нашарлап, өз бетінше төмен түсе алмаған.

Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологтар жіберілді.

Түнде құтқарушылар туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсетіп, оларды тасымалдауға кірісті.

Оларды РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.