Курорттың ресми әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланғандай, жоспарлы жөндеу жұмыстары 12 қазанда басталады. Осы жөндеу жұмыстары кезінде кейбір аспалы жолдар уақытша жұмыс істемейді.
KKD-4 аспалы жолы 12 қазаннан 9 қарашаға дейін жабық болады.
M-1 «Медеу — Шымбұлақ», K-1 және K-2 аспалы жолдарының жұмысы 19 қазаннан 1 қарашаға дейін тоқтатылады.
Курорттың қонақүйі мен мейрамханасы әдеттегідей жұмысын жалғастырады.
Еске салайық, Шымбұлақ шатқалына апаратын жол 24 шілдеден 30 қарашаға дейін жабық болатынын хабарлағанбыз.