Әуекомпанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
«Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады. Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн», - деді әуекомпаниядан.