Бұл туралы алдымен әлеуметтік желілерде ақпарат тарады. Кейін мән-жайды FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі түсіндірді.
Компанияның мәліметінше, Ақтау — Шымкент бағыты бойынша ұшқан FS7580 рейсі Алматы әуежайына қонған. Ал Алматы — Шымкент бағытындағы FS7105 рейсі Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылғандықтан Алматыға кері қайтарылған.
Ұшу-қону жолағы қайта ашылғаннан кейін FS7580 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 01:21–де Шымкентке ұшып шыққан. Ал FS7105 рейсі Алматыдан 02:56–да қайта жолға шыққан.
Ұшу-қону жолағының уақытша жабылуына байланысты Шымкент — Ақтау бағытындағы FS7579 және Шымкент — Алматы бағытындағы FS7106 рейстері де кешіктірілді.
FlyArystan бұл шешімдердің әуе компаниясына байланысты емес жағдайларға байланысты қабылданғанын мәлімдеді. Компанияның айтуынша, басты басымдық — ұшу қауіпсіздігі.
Еске салайық, қазақстандық әуе компаниясы Air Astana ұшақтарында спутниктік интернетті енгізуді жоспарлап отырғаны туралы жаздық. Жаңа технологияны сынақтан өткізу биылғы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.