Шымкент қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 9 тамызда болған. Оқиға кезінде жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан.
Салдарынан 44 жастағы әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Олар мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын алу үшін Арыс қаласынан Шымкентке шыққан.
Сондай-ақ полиция тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданатынын нақтылады.
Бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмғанын хабарлаған едік.