Қалалық саябақ қызметкерлері 5 маусымда балапандардың жасы 4 айдан асқанын мәлімдеді.
— Осы уақытқа дейін оларды ерекше күтіммен бағып, ширап, жаңа ортаға жақсы бейімделіп алғанша көпшілікке көрсетпей келдік. Бүгінде балапандар өсіп, қанаттанып келеді. Су бетінде еркін жүзіп, айналасын қызықтап жүргендерін көрудің өзі бір ғанибет. Құстар да оларды бір сәтке қараусыз қалдырмайды, — деп атап өтті Шымкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі.
Қазір балапандар өздерін жақсы сезінеді және келушілердің ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Айта кетелік Ертіс орманында сирек кездесетін тарғақ құсы көзге түскен еді.