Шымкент қалалық Білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Бұл қызметті бұдан былай Гүлназ Сүлейменова атқарады.
Оқу-ағарту министрлігінің және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының Білім басқармасының басшысы лауазымына Гүлназ Сүлейменова тағайындалды.
Гүлназ Төрәліқызы 1977 жылы 5 мамырда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын совхозында дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және «Тұран-Астана» университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі - филолог (қазақ тілі мен әдебиеті), заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.
Еңбек жолының 28 жылын тәрбие-білім саласына арнаған.
2018-2021 жылдары Ақтөбе облысының Білім басқармасы басшының орынбасары, 2021-2022 жылдары Атырау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.
Ал 2022-2024 жылдары Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облыстық Дене шынықтыру басқармасына жаңа басшы тағайындалғанын жазған болатынбыз.