ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Ол „Бастау Бизнес 2023“ ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», — деп жазды Антикордан.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.