Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығына жаңа басшы тағайындалды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM-Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы болып Жансерік Жұман тағайындалды.
29 жастағы Жансерік Жұман Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бакалавриат, магистратура және PhD докторантураны тәмамдаған.
Жансерік Жұманның жастар саясаты саласында мол тәжірибесі бар:
-2019 жылы Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында әдіскер болып еңбек жолын бастады;
-2019–2020 жылдары Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында келісімшарт негізінде жұмыс істеді;
-2020–2025 жылдар аралығында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатын басқарды;
-2021–2023 жылдары Түркістан қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болды;
-2025 жылы Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі атанды.
Айта кетейік, бұдан бұрын «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті тағайындалғанын жазған болатынбыз.