29 жастағы Жансерік Жұман Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Ол М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бакалавриат, магистратура және PhD докторантураны тәмамдаған.
Жансерік Жұманның жастар саясаты саласында мол тәжірибесі бар:
-2019 жылы Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында әдіскер болып еңбек жолын бастады;
-2019–2020 жылдары Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасында келісімшарт негізінде жұмыс істеді;
-2020–2025 жылдар аралығында «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатын басқарды;
-2021–2023 жылдары Түркістан қалалық мәслихатының VII шақырылымының депутаты болды;
-2025 жылы Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі атанды.
Айта кетейік, бұдан бұрын «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті тағайындалғанын жазған болатынбыз.