Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы келді

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Туризм және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбеков тағайындалды.

Маратбек Сәменбекұлы 1981 жылы Бәйдібек ауданында дүниеге келген.

Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Еңбек жолын 2004 жылы «ГазИнСервис» ЖШС бас менеджері болып бастаған.

2005–2023 жылдары жеке секторда және спорт саласында жауапты басшылық қызметтер атқарды.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымында қызмет атқарды.