Шымкент мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды

Фото: Шымкент қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM –  Меритократия қағидаты бойынша Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Ғалым Қасымбеков тағайындалды.

Жалпы еңбек өтілі - 21 жыл. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің жүйесінде 10 жыл жұмыс істейді.

Еңбек жолын бас маманнан бастап басшының орынбасарына дейінгі сатыдан өтті.

Соңғы 5 жыл 6 айда Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы орынбасарының қызметін атқарған.

Бұған дейін Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы тағайындалғанын жазған едік.