Нұрбол Мырзатаев 1979 жылғы 14 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Жоғары кәсіби білімі бар.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылы бастаған. Сегіз жыл ішінде инспектордан басқарма бастығына дейінгі лауазымдарды атқарған.
2005-2012 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.
2015-2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында жұмыс істеп, маманнан Департамент бастығының орынбасарына дейінгі лауазымдарда болған.
2022-2026 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.
Биыл ақпан айында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы тағайындалғанын жазған едік.