Шымкентте мемлекетке 1,2 га жер қайтарылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент қаласының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Тексеру барысында жер учаскелерін жалған құжаттар негізінде заңдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алып қоюға жататын жерлерді заңдастыру фактілері анықталды.

Прокуратура актісі негізінде уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, мемлекет меншігіне жалпы алаңы 1,2 га, кадастрлық құны 90 млн теңге болатын жер учаскелері қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның тұрақты бақылауында.

Осыған дейін Қазақстанда жер телімдерін онлайн-аукцион арқылы сату тәртібі өзгергені туралы жаздық.