Осыған дейін ол аталған департамент бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Тілеуберді Серікбайұлы 2009 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын, ал 2022 жылы Ресей ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын бітірген.
Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2005 жылдың тамызында бастаған. Әр жылдары қарауыл бастығынан аумақтық бөлімше басшысына дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменттерінде, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратында қызмет еткен.
Бұған дейін Абай облысы әкімінің орынбасары тағайындалғанын хабарлаған едік.