Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты басталды

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл күндері Шымкент қаласында нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін еліміздің үздік мергендері 3 жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Фото: olympic.kz

Винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеу (ерлер):

1-орын - Алматы қаласы (30 ұпай)
2-орын - Шымкент қаласы (25 ұпай)
3-орын - Павлодар облысы (20 балл)

Тапаншамен 10 метрден оқ ату (әйелдер):

1-орын - Алматы қаласы (30 балл)
2-орын - Шымкент қаласы (25 балл)
3-орын - Павлодар облысы (20 балл)

10 метрден жылжымалы нысана көздеу (әйелдер):

1-орын - Шымкент қаласы
2-орын - Алматы қаласы
3-орын - Жамбыл облысы

Айта кетейік, бұл бәсекеге Ұлттық құраманың барлық спортшысы қатысып жатыр. Бұл қатарда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған Ислам Сатпаев, Александра Ле, Константин Малиновский, Арина Алтухова мен Никита Чирюкин де бар. Ел чемпионаты 16 ақпанда мәресіне жетеді.