Шымкент қаласы Еңбекші ауданының орталығында орналасқан саябаққа «Қазақстан-Түркия достығы саябағы» атауы берілуі мүмкін, деп хабарлайды Kazinform.
«Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне мынандай атау берілсін:
Абай ауданы бойынша: Шымсити шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Түркия көшесі;
Еңбекші ауданы бойынша: аудан орталығындағы атауы жоқ саябаққа – «Қазақстан-Түркия достығы саябағы» деген», – деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған әкімдік пен қалалық мәслихаттың бірлескен шешім-жобасында.
Құжат 1 қарашаға дейін көпшілік талқылауда болады.
Қоса кетсек, таяуда Көкшетау қаласының бірқатар көшесіне қазақша атаулар берілетінін жазып едік.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.