ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкентте «Алғыс айту – асыл қасиет» атауымен түрлі форматта мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Әл-Фараби алаңынан бастау алған «Алғыс керуені» достық үйі жанындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне дейін жалғасты. Екі түйе, 10 аттан құралған керуенді мәдениет мекемелерінің әртістері бастап жүрді. Керуен қоржынындағы ұлттық тағамдар қаланың дамуына атсалысқан түрлі сала қызметкерлеріне, тұрғындарға мерекелік тарту ретінде үлестірілді.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қатысушылар ұлттық киім киіп, салт-дәстүрді дәріптеді. Ән айтып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Сән-салтанатты керуенді күтіп алу рәсімі мерекелік концертке ұласты.
Фото: Шымкент қаласы әкімдігіФото: Шымкент қаласы әкімдігіФото: Шымкент қаласы әкімдігі
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.