ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала жолдары суға толып қалды.
Фото: Шымкент қалалық ТЖД
Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тарту және бағытын бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бағытта 14 адам, 4 техника, 7 мотопомпа жұмылдырылған.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, тұрғын үйлерді су басу және зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы секілді жағдайлар тіркелмеген.
Фото: Шымкент қалалық ТЖД
«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, ертең де Шымкентте жауын-шашын болып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Тіпті, түнде күн суытып көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетпек.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.