Шымкент – Сеул бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
18:27, 13 Наурыз 2025
АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
Биыл 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент – Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.
Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады.
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп жоспарланған.
Грузия мен Қытайға жаңа әуе рейстері ашылатынын жазған болатынбыз.